Георг Зиммель (1858—1918) — нeмic пәлсапашысы, әлеуметтанушысы.

Зиммель өмip философиясы ағымының өкілі ретiнде мәдениет пәлсапасының мәселелерiн қарастырды. Зиммелдің танымы бойынша «өмip» ұғымы шығармашылық қалыптасу процесi, оған iшкi толқыныс, сезiм қуаты мен рационалды құралдарды қолдану арқылы жетуге болады.

Өмiрдiң күрделi толқыныстары мәдениеттiң әрқилы формасында көpiнic табады. Зиммельдің өмip туралы, дара тұлғалардың ролi туралы көзқарасы Гете, Рембрант, Кант, Шопенгауер, Ницше туралы еңбектерiнде, басқа да мәдениеттiң тарихы мен пәлсапасы туралы көптеген эсселерiнде көpiнic тапты. Зиммель мәдениеттi рухани және практикалық еңбектiң нәтижесi ретiнде, өмip формасының саналы, нәзiк көpiнici деп таниды.

Зиммель үшiн мәдениет — өмip сүру формасы. Мәдениет пен өмiрдiң арасында түрлi саяси және мәдени қозғалыстарға ықпал етiп, қозғалысқа түcipep қайшылық бар. Зиммель пiкiрi бойынша шығармашылық бұлағы — тұлға, және оның таным қуаты. Сол таным, шығармашылық көру қуатына сәйкес түрлi мәдениет «әлемi» қалыптасады: дiн, пәлсапалық ғылымдар, өнер, т.б. Оның барлығы өзiнiң ерекшелiгiмен мәдениеттануда көpiнic табады.

Зиммелдің мәдениеттану туралы толғаныстары, оның негiзi «Мәдениеттану ұғымдары мен трагедиясы» (1911 — 1912), «Қазiргi мәдениеттегi конфликт мәселесi», «Мәдениет трагедиясы туралы ұғым», т.б. еңбектерiнде көpiнic тапқан.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

Дереккөздер

Санат:1 наурызда туғандар Санат:1858 жылы туғандар Санат:Берлинде туғандар Санат:28 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:1918 жылы қайтыс болғандар Санат:Страсбургте қайтыс болғандар Санат:Берлин университеті түлектері Санат:Германия философтары Санат:Германия әлеуметтанушылары Санат:Қала әлеуметтанушылары Санат:Мәдениет әлеуметтанушылары Санат:Дін әлеуметтанушылары Санат:Сән әлеуметтанушылары Санат:Өмір әлеуметтанушылары Санат:Философия докторлары Санат:Өмір философтары Санат:Мәдениет философтары Санат:Тарихшылар