Данте Алигьери (), толық аты Дуранте дельи Алигьери(1265 –1321) — Ренессанс дәуіріндегі аса ықпалды итальян ақыны. Итальян әдеби тілін қалыптастырушысы, өлеңмен жазылған "Құдіретті комедия" шығармасының авторы.
Дантенің ұлы шығармаларына тәнті болған халқы, ұрпағы кейіннен оны (XVI ғ.) "Тәңірі комедиясы" деп атаған. "Құдіретті комедия" (1307-1321) кейіннен өлемге әйгілі шығарма болды.
Данте бұл шығармасында орта ғасырға тән сюжетті алып, өзінің қуатты көркемдік қиялымен оқырманды тамұқтан, күнәдан тазаруына жол ашады және ұжмақтан өткізеді. Дантенің кейбір аңғал замандастары ол "о дүниеде болып келген-мыс" - деп ұққан.
Дантенің "Құдіретті комедия" шығармасы "Тамұқ", "Күнәдан тазару", "Жұмақ" деп аталатын үш бөлімнен тұрады. "Тамұқ" бөлімін қазақ тіліне алғаш рет Мұқағали Мақатаев аударған.
Тамұққа, терең жер астына, күнәһар адамзат өкілдері, кісі өлтіргендер, өзіне қол салғандар түседі де, мәңгілік рухани және дене азабын тартады. Күнәдан тазару жолына түскенде тауға шығып, күнәдан тазарған соң, жұмаққа кіреді. Күнәдан тазарып, жұмаққа барғанша көп азапты жолдардан өтеді.
Ал жұмаққа кіргендер өмірін мәңгі-бақи рақатта өткізеді.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
Дереккөздер
Санат:1265 жылы туғандар Санат:1321 жылы қайтыс болғандар Санат:Италия жазушылары Санат:Италия ақындары