Құлым Оразбаев (1923 жыл, Атырау облысында туған) — жер қойнауын үздік барлаушы, мұнайшы, ҰОС ардагері.

Өмірбаяны Атырау мұнай техникумын бітірген (1959 ж). 1941-1942 жж. - Сағыз мұнай кәсіпшілігінің есеп жүргізушісі. 1945-1962 жж. - коллектор, геолог, Мақатай бұрғылау кеңсесінің Қаратайқыз, Алтыкөл, Жамбай, Таңатар мұнай барлауының геологы 1962-1964 жж. - саз шаруашылығының бастығы, Өзен мұнай барлау экспедициясының инженер-геологы. 1964-1988 жж. - КМБЭ саз шарушашылығының бастығы, ОңтММБЭ аға геологы, «Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресінің геологиялық бөлімінің геологы. 1988 жылдан бастап зейнеткер.

Марапаттары 2-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысының орденімен, медалдармен марапатталған. Жер қойнауын үздік барлаушы.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Дереккөздер

Санат:1923 жылы туғандар Санат:Атырау облысында туғандар Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Атырау мұнай техникумы түлектері Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қазақстан жер қойнауын үздік барлаушы құрмет белгісінің иегерлері