Аминодонттар, батпақ мүйізтұмсықтары (Amynodontіdae) – мүйізтұмсықтәрізділерге жататын қазба жануарлар. 20-ға жуық түрі болған. Аминодонттардың қалдықтары Қазақстанның Зайсан, Торғай ойпаттарынан, Ақеспе, Ақтау қазба орындарынан табылған. Олар қазіргі мүйізтұмсықтан кішілеу келген, мүйізі болмаған. Бас сүйегінің тұмсық жағы қысқа, азу тістері ірі, алдыңғы ұрт және күрек тістері ұсақ, аяқтары қысқа (алдыңғы аяғы 4, артқы аяғы 3 тұяқты) болған. Аминодонттар су жағалауларында, батпақты жерлерді тіршілік етіп, су, батпақ өсімдіктерімен, ағаштардың тамыр, түйнектерімен қоректенген. Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;

Сілтеме

Санат:Археология Санат:Зоология