Алмастыру — белгілі бір n элементті қандай да бір ретте (тәртіпте) қайталамай орналастыру. Берілген n элементтен барлығы әр түрлі n! = 1*2...n алмастыруы жасалады. Алмастыруға байланысты көптеген есептер ауыстыру терминдері арқылы тұжырымдалады.
Мысал {A, B, C, D} төрт элементін алайық. Формулаға қойсақ 4! = 1*2*3*4 = 24, яғни біз {A, B, C, D} - элементтерін 24 әр-түрлі орын тәртібімен қоя аламыз:
ABCD BACD CABD DABC ABDC BADC CADB DACB ACBD BCAD CBAD DBAC ACDB BCDA CBDA DBCA ADBC BDAC CDAB DCAB ADCB BDCA CDBA DCBA
Дереккөздер Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Санат:Комбинаторика Санат:Математика