Таңқыбай Сағинғали (1937, Атырау облысы). Мәскеу мұнай институтын бітірген (1962). 1962-66 жылдары - геолог, Қаратон МӨБ аға геологы. 1966-93 жылдары - аға геолог, Оңтүстік Қазақстан геологиялық басқармасы геологиялық бөлімінің және Қазақ тәжірибе-методикалық экспедициясының бастығы. 1993-2000 жылдары - ҚР Экология және табиғат ресурстары министрлігі жанындағы қор жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының мұнай және газ бөлімінің бастығы. 2000 жылдан зейнеткер.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Тұлғалар