Досбаев Жауылбай (1934, Атырау облысы). Ақтас кен орнын бірінші ашқан (1968). Атырау мұнай техникумын (1960) және Ташкент политехникалық институтын (1976) бітірген. 1950-1953 жылдары — Құлсары бұрғылау кеңсесінде электрмен дәнекерлеуші. 1953-1956 жылдары — КСРО әскери-теңіз флотында қызмет атқарған. 1956-1960 жылдары — «Қазақстанмұнай» бірлестігі Байланыс кеңсесі Құлсары телефон станциясында электр механигі, аға техник. 1960-1965 жылдары — Құлсары мұнай кәсіпшілігі басқармасында мұнай өндіру операторы, ұңғымаларды күрделі жендеу кеңсесінде бұрғышы, бұрғылау шебері. 1965-1975 жылдары — ЖМБЭ-да бұрғылау шебері, инженер, аға инженер, бұрғылау алаңының бастығы, бас инженердің орынбасары. 1975-1976 жылдары — Қазақстан КП Ералиев аудандық комитетінің нусқаушысы. 1976-1982 жылдары — Маңғышлақ облыстық халықтық бақылау комитетінде нусқаушы, бөлім меңгерушісі. 1982-1988 жылдары — КСРО Газ өнеркәсібі министрлігі «Каспийсыртыгазтасымалдау» ӨБ бас директорының орынбасары. 1988-1990 жылдары — Атырау облыстық халықтық бақылау комитетінде нусқаушы, өндіріс жене көлік бөлімінің меңгерушісі. 1990-1995 жылдары — облыстық баспахананың директоры, Атырау облысындағы «Полиграфия» ӨБ бас директорының орынбасары. 1995 жылдан зейнеткер. Жер қойнауын барлау ісінің үздігі (1972). «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған (1985). Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1 Дереккөздер

Санат:Тұлғалар