Юрий Иванович Панарин (1953, Ресей). Уфа мұнай институтын бітірген (1976). 1976- 1985 жылдары - технология қондырғысы операторы, ауысым инженер-технологы, газ тазарту қондырғылары директорының орынбасары, Жаңажол зауытының бастығы. 1985-1990 жылдары -Жаңажол және Теңіз газ өңдеу зауыттарында директор. 1990-1994 жылдары - «Ақтөбемұнай» өндіріс бірлестігінде бас инженердің табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі орынбасары, бас инженердің ғылыми-техникалық ақпарат және маркетинг жөніндегі орынбасары, бас директорының сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі орынбасары. 1994 жылдан - Жаңажол газ өңдеу зауытының директоры.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Тұлғалар