Нұрғазы Китуев (1925, 4 Сәуір, Атырау облысы - 2017, 23 Маусым, Астана). Атырау мұнай техникумын бітірген (1960). 1941- 1945 жылдары - Ескене мұнай кәсіпшілігінде коммуналдық бөлімнің табель жүргізушісі, әскерилендірілген күзеттің жауынгері, коммуналдық бөлімнің ғұшыршысы. 1945-1963 - «Қазмұнайқұрылыс» тресінде комсорг, құрылыс кеңсесі кадрлар бөлімінің бастығы, техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, КҚБ ғұшыршысы, құрылыс цехының прорабы, бөлім бастығы, Доссор МАБ директорының орынбасары. 1963-1968 жылдары - Прорва МАБ бастығының орынбасары. 1968-1974 жылдары - «Ембімұнай» бірлестігінің 1-ҚҚБ бастығы. 1974-1975 жылдары - Доссор МАБ оқу-курстық комбинатының директоры. 1975-1977 жылдары - «Ембімұнайгеофизика» тресті басқармасының орынбасары. 1977-1985 жылдары - «Ембімұнай» бірлестігі № 460 жол- құрылыс басқармасының бас инженері, бастығы. 1985 жылдан - зейнеткер. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен және медалымен марапатталған.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнайшылары