Ақтоғай (1993 ж. дейін — КраснокутскОб упоpядочении тpанскрибиpования на pусском языке казахских топонимов, наименовании и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан) — Павлодар облысы Ақтоғай ауданының (1938 жылдан) және Ақтоғай ауылдық округі орталығы. Бұрынғы атаулары – "Ветловая гора", "Краснокутск".
Географиялық орны Облыс орталығы – Павлодар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 105 км-дей жерде, селеу шөп өскен құрғақ дала белдемінде орналасқан. Жақын темір жол стансасы — Жолқұдық (109 км жерде).
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен48004080 4495 110,2 1956 2276 116,4 2124 2219 104,5
Инфрақұрылымы Ауылда екі орта мектеп, екі балабақша, аурухана, емхана, мәдениет үйі т.б. мекемелер бар. Тұрғындары облыс орталығымен, басқа елді мекендермен автокөлік жолдары арқылы қатынасады.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Павлодар облысы) елді мекендері Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері