Бекмамбетов Нұруахит (1925 - 1995, Атырау облысы). Бүкілодақтық сырттан оқитын энергетика институтын бітірген (1962). КСРО-ның Құрметті энергетигі (1978). 1944-1945 жылдары — «Қазақэнергиямұнай» тресінде инженер, шебер. 1945-1946 жылдары — Атырау мұнай өңдеу зауытының жылу энергиясы орталығының шебері. 1946-1960 жылдары — Атырау жылу энергия орталығының директоры. 1960-1986 жылдары — «Атырауэнерго» басқармасының меңгерушісі. «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1 Дереккөздер
Санат:Тұлғалар