Аққыстау — Атырау облысы Исатай ауданындағы ауыл, аудан және Аққыстау ауылдық округі орталығы, темір жол стансасы.

Географиялық орны Облыс орталығы — Атырау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 60 км-дей жерде, Нарын құмынан оңтүстік-шығысқа қарай Жалтыр көлінің оңтүстік жағасына таяу, Каспий маңы ойпатының оңтүстігіндегі, шөлді белдемде орналасқан.

Халқы 1979 1989 1999 2009 2021 2912 4584 6481 7717 8880

Тарихы Іргесі 1973 жылы Атырау – Астрахан темір жолын салуға байланысты қаланды. солға|300px| Бұрын Қаратүбек деп аталатын елді мекенді Боқсақ өзегі бойын жағалай жеке шаруамен айналысқан 2-3 үй ғана қоныс еткен. Қазіргі Ақтөбе-Астрахан автомобиль жолының табаны арқылы бұрынғы аудан орталығы Ганюшкиноға көлік қатынасы болған. 1950 жылдарды бастауында бұл жерде бастауыш мектеп бір жыл ғана жұмыс істеп, Тұщықұдық ауылына көшірілген.

Теміржол құрылысына УС-99 құрылыс-монтаж тресінің СМП мекемелері кіріскеннен кейін, тың жерден 2 қабатты үйлер, теміржолға қатынасты ғимараттар, мектеп үйі, байланыс үйі, селолық клуб, т.б. құрылыстар бой көтерген. Тәуелсіздік жылдарында Исатай ауданының орталығына айналған ауыл құрылымдары дамыған, тұрғындары газбен, сумен қамтылған, заман талабына сай кәсіп керлік нысандары қалыптасқан сәулетті ауылға айналды.

Шаруашылығы солға|200px| "Жайықмұнайгаз" мұнай-газ өндіру басқармасы, баспахана, машина жөндеу және тұрмыс қажетін өтеу шеберханалары, шағын электр станциясы жұмыс істейді. Кәсіпкерлік салада 104 нысан тіркелініп, онда еңбек жасайтындар саны 1000 адамға жетті. 6 мейрамхана, 3 жанар-жағармай стансасы, 2 сауда орталығы, дәріханалар мен дүкендер, техникалық қызмет көрсету стансалары да халық сұранысына сай қызмет жасауда.

Елді мекендегі көшелер thumb|оңға|200px|«Қазақ елі» мәдени-демалыс саябағы Абай көшесі Амангелді Иманов көшесі Атырау көшесі Әзмұхан Ерекенов көшесі Бақтығали Ғұбайдуллин көшесі Боран Нысанбаев Бірлік көшесі Ғаллам Хисаметуллин көшесі Ғатих Маштахов көшесі Дәулет Әбілхайров көшесі Достық көшесі Егемен Қазақстан көшесі Елорда көшесі Ерғали Есжанұлы көшесі Есқали Есенғалиев көшесі Жамбыл Жабаев көшесі Жас Алаш көшесі Жауқазын көшесі Жәңгірхан көшесі Зұлхарнай Ғұмаров көшесі Исатай Тайманов көшесі Ислаш Молдағалиев көшесі Каспий көшесі Келте Ерғали Есжанұлы көшесі Келте Нарын көшесі Келте Шамшырақ көшесі Қажығали Мамеков көшесі Қаратүбек көшесі Махамбет Өтемісов көшесі Мұнайшы көшесі Нарын көшесі Насихат Сүгірұлы көшесі Нұралы Әжіғалиев көшесі Өтепқали Дінбаянұлы көшесі Сарыарқа көшесі Сәкен Сейфуллин көшесі Тұрғали Мұсағалиев көшесі Үбі батыр көшесі Хамит Ерғалиев көшесі Шамшырақ көшесі Ынтымақ көшесі

Әлеуметтік және мәдени нысандары Ауылда 3 орта мектеп пен 1 мектеп-гимназия, 5 балабақша, саз және спорт мектептері, кітапхана, спорт кешені, 2 мәдениет үйі, қонақ үйі, емхана, аудандық аурухана т.б. әлеуметтік нысандар бар (2018 ж.). Исатай ауданы, Алматы "Сардар", 2018 ISBN 978-601-80678-6-0 Мектептер Абай атындағы орта мектеп — 1984 жылы іргесі қаланған. 2001 жылы типтік жобадағы үш қатарлы ғимаратқа орналасқан. Мектепте 17 аудитория, 2 лингафон кабинеті, 9 интерактивті тақта бар, 68 оқытушы білім беруде, барлығы жоғары білімді.https://school.isatai.atyrau.gov.kz/kz/school-registr/view?id=000000001 "Абай атындағы ОМ" ММ Аққыстау орта мектебі — 1968-1969 Аққыстау стансасы құрылғанда, тұңғыш рет №564 теміржол бастауыш мектебі ретінде ашылды. 1976 жылы жеті жылдық, 1977 жылы орта мектеп болды. 1986 жылы үш қабатты 624 орындық типтік үлгідегі мектеп үйі салынды.https://akkystau.isatai-bb.kz/kz/mektep-turaly/tarikhy.html Мектептің қысқаша тарихы Мектеп-гимназия — 320 орындық 100 орындық жатақханасы және шеберханасы бар жаңа мектеп-гимназия 2023 жылы ашылды. 3 қатарлы ғимаратта 11 сынып бөлмесі, химия, физика, лингофон, АӘД, информатика кабинеттері бар. Оған қоса 80 орындық акт залы, спорт залы, 80 орындық асхана және медициналық кабинет те қарастырылған.Аққыстауда 320 орындық мектеп-гимназия мен мектеп жапсаржайы пайдалануға берілді

Өркен орта мектебі — 2010 жылы ірге тасы қаланған 2 қабатты 220 орындық типтік үлгідегі орта мектеп. Мектепте 64 мұғалім еңбек етуде.https://schools.kundelik.kz/school.aspx?school=1000001220516 Өркен орта мектебі

Мектепке дейінгі балалар мекемелері «Балдырған» бөбекжай-балабақшасы — 1994 жылы «Жайықмұнайгаз» басқармасының демеушілігімен типтік үлгіде салынған. «Бәйтерек» бөбекжай-балабақшасы — Мектеп ғимаратын ыңғайластыру арқылы 2010 жылы балабақша ретінде пайдалануға берілген. «Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасы — 1986 жылы пайдалануға берілген. Балабақша 2 қабатты типтік ғимаратта орналасқан. «Нұршуақ» бөбекжай-балабақшасы — 2016 жылы «Каспий Құбыр Консорциумы» демеушілік қаражаты есебінен салынған.https://atr.kz/zhanalyqtar/n-rshua-k-ilderge-n-r-ydyi/ «Өркен» бөбекжай-балабақшасы — 1974 жылы типтік емес жобада салынған, 2012 жылы «Өркен» мектебінің жанынан ашылып жұмыс жасады. 2019 жылы 290 орындық балабақшаның жаңа ғимараты пайдалануға берілді.Жыл сайын жаңа балабақша ашып келеміз

Саз мектебі Ш. Шәріпов атындағы балалар саз мектебі — 1992 жылы Аққыстау балалар музыка мектебіне жергілікті композитор Ш. Шәріповтың аты берілді. Мектепте домбыра, қобыз, баян, халық әні-терме, фортепиано аспаптары бойынша 261 оқушыға 30 мұғалім дәріс беруде.

Денсаулық сақтау Исатай аудандық орталық ауруханасы — Исатай аудандық орталық ауруханасы 50 төсектік аурухана және күніне 250 адам қабылдайтын емханаhttps://isataicrb.kz/kz/emhana-rylymy/ Емхана құрылымы

Спорт Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебі — 1981 жылы жұмысын бастады. Дзюдо, қазақша күрес, самбо, бокс, кейінірек баскетбол, футбол, джиу-джитсу, тоғызқұмалақ бөлімдері ашылды. «Барыс» балалар-жасөспірімдер денешынықтыру даярлық клубы — 2017 жылы 27 ақпанда құрылды. Үйірмелер саны-9, қатысушылар саны -274.https://satypalu.gov.kz/kz/registry/show_supplier/218564 «Атырау облысы Білім беру басқармасының Исатай ауданы білім бөлімінің «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубы» КММ

Діни ұйымдар

Зинеден Құрасұлы мешіті

Дереккөздер

Санат:Исатай ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері