Қазақстан мұнайы мен газы - Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ саласының жағдайы мен даму перспективасын мерзімді баспасөзде жариялап тұру мақсатында 1998 жылы Білім және ғылым министрлігі құрған ғылыми-өндірістік журнал. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім минстрлігінде 1998 жылдың 19 желтоқсанында 529-шы номермен тіркелген. Қазақстанның Жоғарғы аттестациялық комиссиясы шешімімен журнал химия, техника және геология-минералогия ғылымдары бойынша кандидаттық және докторлық диссертациялардың негізгі нәтижелерін жариялайтын ғылыми басылымдар тізіміне енгізілген. "Қазақстан мұнайы мен газы" журналы мұнай- газ өнеркәсібінің жағдайы мен даму перспективасы жайлы академиялық ғалымдардың, кәсіби мамандардың пікірлерін білдіріп тұратын басылым болып табылады. Жарияланатын материалдар ауқымы мейілінше кең, ол мұнай-газ кешені бағытындағы ғылым мен өндірістің ең соңғы жетістіктеріне байланысты алуан түрлі аспектілерді қамтиды. Журналда, сол сияқты, конференциялардың, ғылыми жиналыстардың, симпозиумдердің, көрмелердің материалдары және олардың мұнай-газ кешенінің тиімділігіне тигізер әсері де жарияланады. Журнал академиялық, университеттік мекемелер арасында, өндірістік мекемелерге, ғылыми-зерттеу мекемелеріне, министрліктер мен ведомстволарға, Қазақстанда, Қазақстан Республикасымен мұнай-газ кешенінің проблемалары бойынша байланысы бар бүкіл таяу және алыс шет елдерде белсенді түрде қызмет істеп жүрген шет елдік фирмаларға, компанияларға таратылады. Журналдың таралымы - 2000 дана, шығу мерзімі - жылына 6 номер. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1 Дереккөздер

Санат:Ғылыми-өндірістік журнал