thumb|Аалто Хуго Алвар Хенрик Хуго Алвар Хенрик Аалто (, 3 ақпан, 1898, Финляндия, Ресей империясы – 11 мамыр, 1976, Хельсинки) – фин архитекторы және дизайнері. Хельсинкидегі техникалық институтты тәмамдап, 1925 жылы әріптесі Айно Марсиоға үйленген. Оның стилі жаңашылдығымен, яғни жергілікті материалдарды (әсіресе ағашты) шебер, айрықша мәнермен қолдануымен ерекшеленеді. Оның жаңашыл стильдегі туындыларында ұлттық нақыштар еркін көрініс тапты. Бұл әсіресе Сайнатсалодағы қалалық жиын өткізілетін (1950-52), қызыл кірпіш және ағаш пен мысты қолдана отырып жасаған қарапайым пішіндегі ғимарат көрінісінен айқын байқалады. Әлемдегі ең танымал жаңашыл архитекторлардың бірі саналады. Оның иілген, көп қатпарлы ағаштан жасап шығарған жиһаздары дүниежүзіндегі әр үйдің төрінен орын алуда.

Дереккөздер

Санат:1898 жылы туғандар Санат:Финляндия сәулетшілері Санат:Финляндия дизайнерлері санат:1976 жылы қайтыс болғандар