Компрессорлық станция - газды тасымалдағанда және сақтағанда оның қысымын жоғарылатуға арналған қондырғы. Орындайтын жұмыстарының түріне қарай басты компрессорлық станция, газдың арналық желісінің бағдарлы компрессорлық станция, жерасты газ қоймаларының компрессорлық станция, қойнауқатқа табиғи газ айдайтын компрессорлық станция, сығымдаушы компрессорлық станция болып ажыратылады. Компрессорлық станцияны іске қосу басты компрессор станциясына кірердегі жұмыс қысымын ұстап тұруға, әр түрлі тұтынушыларға газды тасымалдауды қамтамассыз етуге, жатыннан газды бөліп алу коэффициентін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1 Дереккөздер

Санат:Мұнай Санат:Табиғи газ