Айбас — Қарағанды облысы Ұлытау ауданының солтүстік-батысынан ағып шығатын Айбас өзенінің бойында орналасқан ортағасырлық бекініс орны.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х

1952 ж. академик Ә. X. Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген. Пішімі төртбұрышты (25x25 м), биіктігі 2-2,5 м, сыртқы қабырғасы тастан қаланған, қалыңдығы 4-6 м, қақпасы батыс жағында. Солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс жақ бұрышында ауданы 3,5x1,2 м бөлмелер орны сақталған. Екі жағын су қоршап тұрған бұл қамал жаугершілік замандарда жергілікті халықтардың баспанасы болған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Қазақстан қорғандары Санат:Ұлытау ауданы географиясы