«Бавария Мюнхен» футбол клубы (; айтылуы ) — Мюнхен қаласындағы неміс кәсіби футбол клубы. 1900 жылы құрылған, Бундеслигада өнер көрсетеді. 34 рет чемпион атанған, 20 Германия кубогын 6 чемпиондар лигасын жеңген Бавария неміс футболындағы ең дес бермес команда болып саналады.
Тарихы Ерте жылдары (1900-1965) Қаладағы ең бірінші футбол клубы 1860 жылы ашылған "Мюнхен-1860" командасы еді. "Бавария" болса дәл 40 жылдан соң - 1900 жылдың 27 ақпанында ашылды. Бұған түрткі болған Берлиндік Франц Йон және оның 10 досының Мюнхендік MTV-79 спорт одағынан шығып, жаңадан «Байер» («Бавария») клубын құрды. Бірақ постсоветтік басылымдарда клубқа латынша ат «Бавария» берілді.
Ағылшын маманы Тейлор бастаған команда өзінің алғашқы ойының 1900 жылдың 4 сәуірінде MTV-79 командасын 7:1 есебімен жеңіп аяқтады. Ол кезде команда сапында көбінесе студенттер еді.
Алғашқы үлкен жеңіс 1932 жылы болды. Ол кезде олар Германия чемпионатынын финалында Айнтрахт командасын 2-0 есебімен женген болатын.Сол кездегі керемет ойыншылардың бірі "Бавария" сапындағы жартылай қорғаушы Людвиг Голдбруннер еді. Бірақ национал-социалистердің келуімен "Бавария" жеңуің тоқтатты. Ал Бавария президенті Ландауерге және еврей жаттықтырушысы Рихард Домбиге гестапо әсерінен елден кетуге тура келді. Ал алдыңғы орындарға Адольф Гитлер қолдаған "Шальке 04" командасы шықты.
Қызық 13 мамырда клуб өз стадионы ішінде мұсылман ойыншыларына арнап мешіт ашатынын мәлімдеді, бұған түрткі болған француз Франк Рибери және басқа мұсылман ойыншылар өтініштері еді. Қаржыландыруды 85 пайызын клуб мойнына алса, қалғанын мұсылман ойыншылар алған. Немецкий клуб «Бавария» построит на своем стадионе мечеть
Құрамы
Жетістіктері Ұлттық Бундеслига Чемпион (35): 1931/32, 1968/69, 1971/72, 1972/73, 1973/74, 1979/80, 1980/81, 1984/85, 1985/86, 1986/87, 1988/89, 1989/90, 1993/94, 1996/97, 1998/99, 1999/00, 2000/01, 2002/03, 2004/05, 2005/06, 2007/08, 2009/10, 2012/13, 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/2018, 2018/2019, 2019/20, 2020/21, 2021/22, 2022/23, 2024/25, 2025/26 Вице-чемпион (11): 1969/70, 1970/71, 1987/88, 1990/91, 1992/93, 1995/96, 1997/98, 2003/04, 2008/09, 2011/12, 2023/24 Кубок Жеңімпаз (20): 1956/57, 1965/66, 1966/67, 1968/69, 1970/71, 1981/82, 1983/84, 1985/86, 1997/98, 1999/00, 2002/03, 2004/05, 2005/06, 2007/08, 2009/10, 2012/13, 2013/14, 2015/16, 2018/19, 2019/20 Финалист (4): 1984/85, 1998/99, 2011/12, 2017/18 Германия лига кубогы Жеңімпаз (6): 1996/97, 1997/98, 1998/99, 1999/00, 2003/04, 2006/07 Финалист (2): 2005/06, 2009/10 Суперкубок Жеңімпаз (10): 1987, 1990, 2010, 2012, 2016, 2017, 2018, 2020, 2021, 2022 Финалист (6): 1989, 1994, 2013, 2014, 2015, 2019 Telekom Cup (рекорд) Жеңімпаз (5):2013, 2014 ,2017 (қыс), 2017 (жаз) Финалист (1):2010
Құрлықтық УЕФА чемпиондар лигасы Жеңімпаз (6): 1973/1974, 1974/1975, 1975/1976, 2000/01, 2012/13, 2019/20 Финалист (5): 1981/82, 1986/87, 1998/99, 2009/10, 2011/12 Кубок иелері кубогы жеңімпаз: 1966/67 УЕФА кубогы жеңімпаз: 1995/96 УЕФА Суперкубогы жеңімпаз: 2013, 2020 Финалист (3): 1975, 1976, 2001
Халықаралық Құрлықаралық кубок Жеңімпаз: 1976, 2001 Клубтар әлем чемпионаты Жеңімпаз: 2013, 2020
Дереккөздер
Санат:Германия футбол клубтары Санат:Бавария ФК Санат:1900 жылы құрылған футбол клубтары