Нұржан Камалов «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО) компаниясында жоғары басшы лауазымдарда қызмет еткен, Қарашығанақ жобасындағы 20-жылдық жұмыс тәжірибесіне ие. Қазіргі уақытта - ҚПО үкіметпен байланыс женіндегі директоры.

И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ институтын бітірген; Мұнай-газ зерттеулері институтының (АҚШ), Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің, Оксфорд университетінің Темплтон колледжінің бағдарламапары бойынша оқытудан өткен; Эшридж бизнес-мектебінің жоғары басшылыққа арналған бағдарламасы дипломына (Ұлыбритания), мұнай өнеркәсібі ісіндегі ғылым бакалавры және магистрі дәрежесіне ие. Қазақстан Петролиум Ассоциациясының басқарма терағасы. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Марапаттар «Құрмет» ордені; «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі.

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Құрмет орденінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері