Анатолий Махмудович Ахмадов 1953 жылы 2 мамырда Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауылында туған. Шешен. Еңбек Қызыл Ту орденді Грозный мұнай институтының «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» факультетін (1980) кен инженері мамандығы бойынша бітірген. Орыс және шешен тілдерін біледі. 1980 жылдан - «Маңғышлақмұнай» ӨБ Жетібай бұрғылау жұмыстары басқармасында бұрғылау қондырғысының бастығы. 1989 жылдан - ОИТҚ ауысым бастығы. 1990- 1995 жылдары - бұрғылау жөніндегі аға инженер ретінде Вьетнам Социалистік Республикасына шетелдік іссапарда. 1996-1998 жылдары - «Инказ» ЖШС далалық жетекшісі 2005 жылдан - «Каспий маңы машина жасау кешені» ЖШО СЖСҚЦ бастығы. 2006 жылдан бері - «Ақтау мұнай электрондық компания сы» ЖШС директоры. Хоббиі - аңшылық.Үйленген. Жұбайы - Ахмадова Зулпа Магомедовна (1955 ж. т.). Ұлдары - Ахмадов Селим Анатольевич (1979 ж. т.), Ахмадов Тамерлан Анатольевич (1990 ж.т қызы - Ахмадова Милана Анатольевна (1981 ж. т.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:1953 жылы туғандар