Жүйелеу — бір ретпен тұтастықты құрайтын қатардағы элементтердің жиынтығы, ойлау операцияларының бірі. Жүйелеудің белгілері: екеуден шексіздікке дейінгі құрылымы; элементтердің қатынасы; жүйелілікті түзуші факторлардың тұтастық байланысы. Психологиялық жүйенің компоненттері мақсаттар, үрдістер, жағдаяттардан тұрады. Жүйелеу — жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі бір принципке орналастырудан тұратын ойлау операциясы. Жүйелеудің жоғары түрі топтастыру (классификациялау). Жүйелі талдау — құбылыстар мен объектілерді, әр түрлі құрылымдарды бөліп көрсету арқылы, оның тұтастығын көрсету тәсілін іздестіру.Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
Дереккөздер
Санат:Жантану Санат:Медицина