Александр Викторович Денякин 1956 жылы 23 қазанда Алматы қаласында туған. Орыс. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1978) металлургия ендірісін автоматтандыру жөніндегі инженер мамандығы бойынша; Қазақ ауылшаруашылық институтының экономика факультетін (1990) ұйымдастырушы-экономист мамандығы бойынша сырттай бітірген. Орыс жене ағылшын тілдерін біледі. 1978 жылдан - «Жобақұрастыруавтоматика» МЖИ инженері, аға инженері. 1982 жылдан - Северодонецк ҚЖБ АЖБ инженер бағдарламашысы, аға инженер-бағдарламашысы. 1988 жылдан - Қазақ экономика және ауылшаруашылығын ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институты экономикалық- математикалық модельдеу зертханасының жетекші инженер- программисі, зертхана меңгерушісі. 1993 жылдан - «Қазақстан- КаспийШельф» ААҚ келешек дамыту басқармасының бастығы, бөлім бастығы. 1998 жылдан - «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, сыртқы экономикалық байланыс департаментінің директоры, теңіз жобалары департаментінің директоры. 2002 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ теңіз жобаларын басқару жөніндегі департамент директоры, теңіз жобаларын дамыту жөніндегі атқарушы директоры. 2004 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ¥К» АҚ атқарушы директоры -жаңа жобаларды дамыту жөніндегі департаментінің директоры. 2009 жылдан бері - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бас менеджері. ҚР мұнайының 100 жылдығына құрметіне «Ерлік еңбегі үшін»,«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медальдарымен; ҚР Премьер-министрінің, ҚР Мемлекеттік хатшысының алғыс хаттарымен марапатталған. Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.Үйленген. Жұбайы - Денякина Любовь Ивановна (1958 ж.т) Қыздары - Денякина Елена Александровна (1983 ж.т) Денякина Ольга Александровна (1985 ж. т.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:1956 жылы туғандар