thumb|Сергей Игоревич Апарин
Сергей Игоревич Апарин - 1971 жылы 16 наурызда Алматы қаласында туған. Орыс.
Әкесі - Апарин Игорь Сергеевич, ӘӘК офицері, зауытта фрезерлеуші болып жұмыс істеген. Анасы - Головня Тамара Александровна, зейнеткер, биолог болып Жұмыс істеген.
Львов жоғары әскери-саяси училищесінде оқыған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін журналист мамандығы бойынша; FOJO Швеция мемлекеттік университетінің біліктілікті жетілдіру курсын бітірген. ҚР Журналтистика академиясының толық мүшесі-академигі. Қылмыс, заң, этнографиялық тақырыптарынан бастап саяси-экономикалыққа дейінгі әрқилы тақырыптардағы көптеген мақалалардың авторы. Экономика және құқық саласындағы аналитикалық мақалалар маманы. Орыс, украин және неміс тілдерін біледі. 1986 жылдан - ОМ оқумен қатарлас, Қазақ радиосында балалар мен жастар редакцияларында тілші, диктор. 1987 жылдан - ОМ оқумен қатарлас, «Мы» газетінің («Дружные ребята» газетінің қосымшасы) редакторы. 1989 жылдан - «Горизонт» газетінде репортер, бөлім меңгерушісі. 1994 жылдан - «Юридическая газета» және «Ваше право» газеттерінің фототілшісі , жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі. 1997 жылдан - «НТК» телеарнасы алдын ала құлақтандырулар бөлімінің редакторы және режиссері. 1998 жылдан - «Ковчег» газетінің жауапты хатшысы. 1999 жылдан - «Московский комсомолец» газетінің шолушысы; «Новое поколение» газетінің шолушысы, редактордың орынбасары. 2003 жылдан бері - «Новое поколение» апталығының бас редакторы. Әл-Фараби атындағы ҚазМУ оқытушысы болған, ҚР азаматтық және әскери ЖОО, РФ азаматтық ЖОО лекциялар оқыған. «Гринпис» қоғамының (1992 жылдан), Қазақстан коллекционерлері клубының, РФ коллекционерлері мүшесі. ІТF Таэквондо федерациясының Құрметті мүшесі. Әр түрлі спорттық медальдармен, грамоталармен марапатталған. Стамбул қаласының Құрметті азаматы. Әскери атағы - запастағы лейтенант. Діни көзқарасы - дінге сенеді. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - С. Альенде Госсенс, А.Б. Ваджпаи. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қандай кезеңге болжамданатынына байланысты. Таяу 10 жылдың ішінде төмендегідей жетістіктер болуы мүмкін: демократиялық зиялы мемлекет, экономикалық, мәдени және саяси тұрғыдан Орта Азиядағы көшбасшы мемлекет, аймақтық білім орталығы болады. Орта Азияның білім беру орталығы». Хоббиі - шаңғы, аңшылық, балық аулау, өзендерде қайықпен жүзу, аквалангпен сүңгу, масштабты модельдеу, көркем фотосурет, 1905-1956 жылдары тарихын зерттеу, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс заттары мен құжаттарын жинау. ҰОС мұражайын ұстайды. Сүйіп оқитын әдебиеті-жасөспірім кезінде Г.Г. Маркестің, К. Кастанеданың, Дж. Лондонның; жастық шағында Ф. Ницше, М.А. Булгаков, В.О. Пелевин, Ф.М. Достоевский, А. Камю, Сократ және басқа софисттер, Л. Сенека. Қазіргі заманғы сүйікті авторын айтуға қиналады. Үйленген. Жұбайы - Ақмаева Марина, «КТК» АҚ құқықтық бағдарламалар бөлімінің редакторы. Ұлдары - Дмитрий, Игорь.
Дереккөздер
Санат:16 наурызда туғандар Санат:1971 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан журналистері