Майкл Джеймс Эгглтон 1968 жылы 14 қазанда АҚШ Калифорния штатының Сан-Диего қаласында туған. Үздік белгімен Сан-Диего университетін бакалавр; Сан-Диего мемлекеттік университетін бизнес магистрі ретінде бітірген. АҚШ-тың рұқсат берілген есепшісі. Үлыбритания Қаржылық бақылау басқармасы куәлік берген. Лондон және Мәскеу қалаларындағы «Меrrіll lуnсһ» компаниясы Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс жене Африка жаңа базарлары бөлімшесінің басқарушы директоры - жетекшісі. Ресейдің, Түркияның және Солтүстік Африканың базарларын іске қосатын басқарушы директор. «Сredit Suisse First Boston» компаниясы Стратегиялық нарық базарлары тобының жетекшісі. 2006-2009 жылдары - «Траст» банкі басқармасының төрағасы (Ресей). «ENRC PLC» компаниясының атқарушы емес тәуелсіз директоры. 2009 жылдың қазанынан бері - «Еуразия банкі» АҚ басқармасының төрағасы.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:Экономика Санат:1968 жылы туғандар