I Абдолла хан (өз. Abdullaxon; 1490 жыл – 1540 жыл) — Бұхара (Мәуереннаһр) билеушісі (1540). Таққа Ұбайдолла хан (1534–1540) өлген соң отырған. Шайбани әулетінен тараған. Атасы Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақта, әкесі Күшкүнжі хан (1510–1530/31), ағасы Әбу Сайд хан (1531–1533/34), інісі Абд әл-Латиф хан (1541–1551) Мәуереннаһр билік құрған.Қ 18 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — 720 бет. ISBN 5-89800-123-9

Абдоллах хан 16 ғасырдың 10-жылдарында Түркістан қағанатының билеушісі болды. 1517 жылы Түркістанға жорық жасаған қырғыз Мұхаммед әскерімен ұрыста жеңіліп, қолға түсті. Мұхаммед оны босатып жіберді. Абдоллах ханнан ұрпақ қалмаған.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:Шайбани әулеті Санат:1490 жылы туғандар Санат:1540 жылы қайтыс болғандар