Наурыз көшесі Ұлытау көшесінен басталып, Ақсуат, Зайсан, Сарыөзен, Мойылды, Құсмұрын, Ордабасы, Тарбағатай көшелерімен қиылысады. Ұзындығы - 1322,2 м.
Наурыз - көне мейрам. «Нау» (жаңа) және «руз» (күн) - жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаны білдіреді. Халық күнтізбесі бойынша Жаңа жыл көктемгі күн мен түн теңелуі - тоғыс күні басталады, яғни наурыздың 20-21-іне дәл келеді.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері