Қайрат Сағатханұлы Тыныбеков 1959 жылы 20 желтоқсанда Алматы облысы Нарынқол ауданының Текес ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Тыныбеков Сағатхан (1932 жылы туған), зейнеткер. Анасы - Мұстағулова Тоқан (1937-2007). В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1982) кен инженер-электригі мамандығы бойынша; КСРО ІІМ Харьков жоғары курстарын (1987); ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін (1993) заңгер мамандығы бойынша; ҚР ІІМ академиясын (2001) іскерлік әкімгерлік магистрі мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1976 жылдан - «Қаратауфосфорқұрылыс» тресінде ұста-бетоншы. 1977 жылдан - Қаратау қалылық тұрмыс комбинатының фотографы. 1978 жылдың қыркүйек айынан 1979 жылдың шілде айына дейін - Қаратау байланыс торабының электр монтері. 1982 жылдан 1985 жылға дейін - Жезкент шахта өтпе басқармасының жер асты электр механигі (Семей облысы Бородулиха ауданының Жезкент ауылы). 1986 жылдың қараша айынан 1987 жылдың қыркүйек айына дейін - КСРО ІІМ Харьков жоғары курстарының тыңдаушысы. 1987 жылдың қараша айынан - Алматы қаласы Мәскеу аудандық атқару комитеті ІІБ СМТСҚКБ жедел өкілі. 1991 жылдың қазан айынан - Алматы қаласы Мәскеу аудандық атқару комитетінің ІІБ ҚТҚ бөлімшесі бастығының орынбасары. 1993 жылдың ақпан айынан - Алматы қаласы Калинин аудандық ІІБ бастығының орынбасары. 1995 жылдың наурыз айынан - Алматы қалалық ІІББ қоғамдық тәртіпті қорғау басқармасының бастығы 1995 жылдың желтоқсан айынан - Алматы қалалық ІІБІ Әкімшілік қызмет басқармасының бастығы. 1997 жылдың маусым айынан - Алматы қалалық ІІББ әкімшілік полиция қызметінің бастығы. 1999 жылдан - ҚР ІІМ Академиясының тыңдаушысы. 2000 жылдың ақпан айынан - ҚР ІІМ Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің бастығы. 2001 жылдың мамыр айынан- БҚО ІІБ бастығы. 2005 жылдың шілде айынан - Көліктегі Батыс ІІД бастығы. 2009 жылдың сәуір айынан - ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы. 2011 жылдың ақпан айынан бері - ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы. «Ерлігі үшін» (1998), «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» (2004), 3 дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, «ҚР ІІМ Еңбек сіңірген қызметкері» (2002), «Адал еңбегі үшін» (2007) төс белгілерімен, ІІМ, ІІББ құрмет грамоталарымен марапатталған, алғыс хатпен аталған (2005). Полиция полковнигі. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Үйленген. Жұбайы - Тыныбекова Марина Петровна (1970 жылы туған). Қыздары - Тыныбекова Карина Қайратқызы (2001 жылы туған), Тыныбекова Мәдина Қайратқызы (2006 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар