Қанат Тәупекұлы Тоқсейітов 1964 жылы 27 шілдеде Қостанай облысы Комсомол ауданының Новотроицк кентінде туған. Полиция генерал-майоры. Қазақ.
Әкесі- Тоқсейітов Тәупек Телегенұлы (1940-1992), Целиноград аудандық кинофикациясының директоры болып қызмет атқарған. Анасы - Тоқсейітова Жаңыл Жанәділқызы, зейнеткер, №44 балабақша бухгалтері болып жұмыс істеген (Целиноград қаласы).
Целиноград инженерлік-құрылыс институтының автомобильдер және автомобиль шаруашылығы факультетін (1986) инженер-механик мамандығы бойынша; ҚР МТК Қарағанды жоғары мектебінің құқықтану факультетін (1996) заңгер мамандығы бойынша бітірген.
1986 жылдан — Целиноград қалалық Жүк автобасқармасы №2552 автоколоннасының инженер-механигі.
1987 жылдан - Целиноград облыстық атқару комитетінің ІІБ ЕЦ 166/10 мекемесінің шебері.
1992 жылдан - Ақмола облыстық ІІБ ЭҚҚКБ аға жедел өкілі.
1995 жылдан - Ақмола облысы бойынша МТКБ шығыс бөлімінің бастығы.
1997 жылдан - Ақмола (Астана) қалалық ІІБ бастығының қызмет жөніндегі орынбасары.
2000 жылдан - ҚР ІІМ Жол полициясы департаментінің бастығы. 2002 жылдан - Мемлекеттік күзет қызметі департаментінің бастығы.
2003 жылдан - ҚР ІІМ вице-министрі.
2004 жылдан - көліктегі Орталық ІІБ бастығы. 2006 жылдан - ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы.
2007 жылдан - Павлодар облыстық ІІД бастығы. 2009 жылдан бері - көліктегі Орталық ІІД бастығы.
Діни көзқарасы - атеист. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экономикасы мен мәдениеті жоғары дәрежеде дамыған демократиялық мемлекет». Хоббиі - балық аулау, иттер, мотоспорт. Сүйіп оқитын әдебиеті - детективтер, шытырман оқиғалар, әскери тақырып.
Үйленген. Жұбайы - Тоқсейітова Гүлмира Бұзаубайқызы, ҚР Президенті Істері Басқармасы №2 ауруханасының дәрігер-эндокринологы (Астана қаласы) Қызы - Тоқсейітова Әйгерім (1986 жылы туған); ұлы - Тоқсейітов Азамат (1991 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Марапаттары
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Ерлігі үшін» (2005), «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» (2004), «Қазақстан темір жолына 100 жыл» (2004), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Ресей ІІМ Қылмыстық іздестіру қызметіне 90 жыл», «РФ ІІМ Көлік милициясына 90 жыл» (2009) медальдарымен; 2-ші дәрежелі «РФ ЖҚҚМИ қызметінде үздік шыққаны үшін» (2000), ҚР ІІМ «Жол полициясының құрмет белгісі» (2002), «Ведомстволық күзетке 50 жыл» (Омбы, 2002), «ІІМ еңбек сіңірген қызметкері» (2004), «Үздік шыққаны үшін» (Украина, 2002), «Күзет» (Беларусь Республикасы, 2003), «Ресей Көлік милициясына 85 жыл» (РФ, 2004), «Қазақстан полициясына 15 жыл» (2007), «За доблесть в службе» (Омбы, 2007), «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігіне 10 жыл» (2004) белгісі ҚР ІІМ Еңбек сіңірген қызметкері.
Дереккөздер
Санат:Заң Санат:Тұлғалар