thumb|right|Тәткеев, 2023 жыл Малғаждар Саттарұлы Тәткеев (8 желтоқсан 1960 жыл, Қызыл Ту ауылы, Көкшетау облысы) — заң ғылымдарының кандидаты (2004).

КСРО ІІМ Шымкент арнайы милиция орта мектебін (1983); КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген (1991), заңгер. 1983 жылдан - Көкшетау облыстық ІІБ ЕТК-72 жедел өкілі, аға жедел өкілі. 1992 жылдан - Көкшетау облыстық ІІБ Айыртау АІІБ тергеушісі. 1994 жылдан - Көкшетау облыстық ІІБ Арықбалық АІІБ бастығының орынбасары. 1996 жылдан - Көкшетау облысы ІІБ Арықбалық АІІБ МТКБ бастығы. 1997 жылдан 2007 жылға дейін - Көкшетау облыстық СПБ бастығының орынбасары, Ақмола облысы бойынша ЭҚСЖҚКД бастығының орынбасары. 2009 жылдың наурыз айынан - ҚР ЭҚСЖҚКА ЭҚҚҚКД бастығының орынбасары. 2009 жылдың шілде айынан - СҚО бойынша ЭҚСЖҚКД (қаржы полициясының) бастығы. 2010 жылдан бері - Қарағанды облысы бойынша ЭҚСЖҚКД (қаржы полициясының) бастығы. Қаржы полициясының полковнигі.

Ғылыми жұмыстары Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қылмыстық істерді қосымша тергеу ендірісінің қылмыстық-процессуалдық, криминалистикалық және ұйымдастыру-тактикалық ерекшеліктері». 8 мақала мен жарияланымның авторы.

Марапаттары «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтой медалімен (2005); «Милиция озаты» (1983), «Үздік қызметі үшін» (2008) белгілерімен марапатталған.

Көзқарастары Қазақ және орыс тілдерін біледі. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан дамығанжәне бай мемлекетке айналады». Хоббиі - аңшылық, тау шаңғысы, жузу. Сүйіп оқитын әдебиеті - И. Тургенев, Л. Толстой, I. Есенберлин, М. Әуезов, С. Сейфуллин, Ә. Кекілбаев, Д. Браун. Үйленген. Жұбайы - Тәткеева Гүлнәр (1960 жылы туған), жеке кәсіпкер. Ұлдары - Ербол (1985 жылы туған), Жантуар (2004 жылы туған), қыздары - Сәбина (1988 ж. т.), Мәдина (1989 ж. т.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:8 желтоқсанда туғандар Санат:1960 жылы туғандар Санат:Көкшетауда туғандар Санат:Қазақстан заңгерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Заң ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері