Серік Әбікенұлы Үмбетов (19 маусым, 1950, Прудки ауылы, Жамбыл ауданы, Алматы облысы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер. Үмбетов әр жылдары Алматы және Жамбыл облыстарының әкімі, Ауыл шаруашылығы министрі, Президенттің Іс басқарушысы қызметін атқарған, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің V, VI шақырылым депутаты болған.

Өмірбаяны Шапырашты руынан шыққан. Алматы зооветеринарлық институтын бітірген (1983), зооветеринар. 1974 жылдан - Алматы облысы Күрті ауданы Т. Бокин атындағы кеңшардың бригадирі, ферма басқарушысы, бас зоотехнигі, партия комитетінің хатшысы. 1985 жылдан - Алматы облысы Күрті ауданы «Желтораңғы» кеңшарының дирөкторы. 1988 жылдан - Алматы облысы Кеген ауданы ААӨБ төрағасы. 1989 жылдан - Алматы облысы Күрті ауданы Т. Бокин атындағы кеңшардың директоры. 1992 жылдан - Алматы облысы Күрті ауданының әкімі. 1994 жылдан - Алматы облысы әкімінің орынбасары. 1996 жылдан - Алматы облысының әкімі. 1997 жылдан - Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары. 1999 жылдан - Жамбыл облысының әкімі. 14.05.2004 жылдан - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі. 08.2005 жылдан - Алматы облысының әкімі. 13.04.2011 жылдан - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы. 2012—2021 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Марапаттары «Парасат» ордені (15.12.2002). III дәрежелі «Барыс» ордені.

Астанаға 10 жыл медалі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі Ұлттық Олимпиада комитетінің алтын ордені

Шендері Әскери атағы - отставкадағы полковник.

Отбасы Әкесі - Үмбетов Әбіке, марқұм, зоотехник болып жұмыс істеген. Анасы - Үмбетова Көкен, зейнеткер. Үйленген. Жұбайы — Үмбетова Ермеккүл (1955 ж.т.). Қыздары - Құралай (1973 ж.т.), Нәдира (1980 ж. т.), Әлия (1981 ж.т.); Ұлы - Дәурен (1975 ж.т.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:19 маусымда туғандар Санат:1950 жылы туғандар Санат:Жамбыл ауданында (Алматы облысы) туғандар Санат:Күрті ауданының әкімдері Санат:Алматы облысының әкімдері Санат:Жамбыл облысының әкімдері Санат:Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлері Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің депутаттары Санат:Барыс орденінің иегерлері Санат:Парасат орденінің иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Президентінің Іс басқарушылары Санат:2 дәрежелі Барыс орденінің иегерлері