Ольга Сергеевна Рыпакова (қарашаның 30, 1984 жылыWorldathletics, Өскемен) — Қазақстан жеңіл атлеті, бастапқыда жеті сайыспен айналысса, кейін ұзындыққа секіруге мән беріп жүріп 2007 жылдан бері үш қарғып секірумен айналысады.

2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы.

Мансабы Жетістіктері О. Рыпакова 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында үш қарғып секіруден финалдық кезеңде 15 метр 11 сантиметр ұзындықты бағындырып, Азия рекордын жаңартты. Осы көрсеткішімен ол Олимпиадада 4-ші орын алған болатын. Ольга Рыпакова 2010 жылы мамырда Шанхайда өткен «Гауһар лига» деп аталатын жеңіл атлетика сериясының бірінші кезеңінде алтын медальді 14 метр 89 сантиметрді бағындырып жеңіп алды. Бұдан бөлек О. Рыпакова 2010 жылы қысқы әлем чемпионатында 15 метр 14 сантиметрге секіріп, әлем чемпионы атанды. 2011 жылғы жеңіл атлетикадан Тэгу қаласында өткен әлем чемпионатында Ольга Рыпакова күміс медаль жеңіп алды. 2012 жылғы жеңіл атлетикадан Лондон қаласында өткен олимпиадада Ольга Рыпакова алтын медаль жеңіп алды. Оның көрсеткіші 14.98 м болды.

Дереккөздер

Сілтемелер

https://inbusiness.kz/ru/appointment/dose-rypakova-olga-sergeevna

Санат:1984 жылы туғандар Санат:Жеті сайсшылар Санат:Өскеменде туғандар Санат:Қазақстан әйелдері спортта Санат:Ұзындыққа секірушілер Санат:Үш қарғып секірушілер Санат:Қазақстан жеңіл атлеттері Санат:Қазақстан Олимпиада чемпиондары Санат:Алфавит бойынша жеңіл атлеттер Санат:2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпиондары Санат:2008 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Санат:2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Санат:Жеңіл атлетикадан Азия ойындары чемпиондары Санат:Қазақстанның Азия ойындары чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары