Янцзы, Чаңжиаң (; төменгі ағысындағы тарихи атауы — ) — Еуразиядағы ең ұзын және мол сулы, әлемдегі үшінші ең ұзын өзен Accessed 2010-09-10. Қытайдың аумағымен ағады.
Географиялық сипаттамасы Ұзындығы 5800 км, су жиналатын алабының аумағы 1808,5 мың км².
Бастауын Тибет таулы қыратының орталық бөлігіндегі 5500 метр биіктіктегі Тангла және Кукушили жоталарындағы мұздықтардан алып, Шығыс Қытай теңізіне атырау жасап (ауданы 80 мың км²) құяды.
Янцзы аңғар, арна және ағын ерекшеліктеріне қарай 3 бөлікке бөлінеді: жоғарғы ағысы – бастауынан Ибинь қаласына дейін (2700 км), орта ағысы – Ичан қаласына дейін (1020 км) төмен ағысы – атырауына дейін (2080 км). thumb|left|260px|Янцзы өзенінің алабы.Жоғары ағысында терең, тар шатқалмен су құлама жасап ағады, еңісі 5 мың метрден асады.
Орта ағысы қырқалы Сычуань қазаншұңқыры және қатпарлы жоталар үстімен өтеді, еңісі 251 метр, орташа ені 300 – 600 метр, шатқалдардағы тереңдігі 80 – 110 мтр, ағыс жылдамдығы 5 – 7 м/с.
Төмен ағысы аллювийлік Цзянхань және Солтүстік Қытай жазығының оңтүстік бөлігімен ағады. Еңісі 80 метр, орташа ені 600 метрден 2 км-ге дейін, ағыс жылдамдығы 1 м/с. Ірі салалары Ялунцзян, Миньцзян, Цзялинцзян, Ханьшуй (Цзюйхэ). Оң жақ жағалауындағы Дунтинху, Поянху көлдері өзеннің су ағысын реттеп отырады. Орташа су ағымы 34 мың м³/с; су режимі муссондық; жазда су деңгейінің ауытқу шегі жазық бөлігінде 10 метрге дейін көтеріледі. Янцзы және оның салаларында су тасқынынан қорғану үшін ұзындығы 2,7 мың км-дей көтерме бөгеттер (дамбылар) тұрғызылған. Өзеннің тек жоғары бөлігі ғана қатады, 2850 км бойы кеме жүзеді. Төмен бөлігі Ұлы каналмен жалғастырылған. Теңіз суының көтерілуі сағасынан 700 км-ге дейін таралады. Янцзы жыл сайын 280 – 300 миллион тонна тасындылар мен тосқындарды шайып әкетеді. Егістік (негізінен күріш алабы) суаруға пайдаланылады. Янцзы – Қытайдың басты су магистралі. Алабындағы су жолының жалпы ұзындығы 17 мың км. Өзен бойында Нанкин, Ухань, Чунцин, Чэнду, т. б. өнеркәсіп орталықтары, атырауында Шаңхай қаласы орналасқанInternational Rivers, Three Gorges Dam profile , Accessed тамыз 3, 2009«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том.
Тармақтары Янцзы тармағында 700 өзен бар. Ең ірілері: Ялунцзян Миньцзян Цзялинцзян Туо Ханьшуй (Цзюйхэ)
Орта айлық су шығыны (64 жылдың мәліметтері бойынша)
</center> Янцзы өзеніндегі ірі қалалар Паньчжихуа Ибинь Лучжоу Чунцин Ичан Цзинчжоу Шаши Шишоу Юэян Сяньнин Ухань Эчжоу Хуанши Хуанган Чаоху Чичжоу Цзюцзян Аньцин Тунлин Уху Хэфэй Чучжоу Мааньшань Тайчжоу Янчжоу Чжэньцзян Нанкин Нантун Шанхай
Суреттер 250px 110px 250px 350px Янцзы Нанкин қаласының тұсында Таңгула мұздықтары өзен қайнар көзі болып табылады
1000px
Сілтемелер Нанкин
Дереккөздер
Санат:Қытай өзендері