Дастан Шәймерденұлы Сартаев (27.08.1959 жыл, Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті) - Заң ғылымдарының кандидаты. Қазақ.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1981), заңгер. Заң ғылымдарының кандидаты. Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Кәмелетке толмағандардың құқығына нұқсан келтіретін әкімшілік құқық бұзушылықтар». «Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың құқығына нұқсан келтіретін әкімшілік құқық бұзушылықтардың әлеуметтік-психологиялық және құқықтық аспектілері» монографиясының, сондай-ақ құқықтық тақырыпта жазылған мақалалар мен жарияланымдардың авторы.

1981 жылдан - Жамбыл облысы Меркі аудандық прокурорының көмекшісі қызметіне сынақ мерзімінен өтуші, прокурордың көмекшісі. 1982 жылдан - Жамбыл облысы Свердлов аудандық прокурорының көмекшісі. 1986 жылдан - Жамбыл облыстық прокуратурасы Тергеу басқармасының прокуроры. 1988 жылдың ақпан айынан - Жамбыл облыстық прокуратурасының кәмелетке толмағандар туралы заңдардың орындалуын қадағалау бөлімінің прокуроры. 1988 жылдың желтоқсан айынан - Жамбыл облыстық прокурорының мемлекеттік қауіпсіздік органдарында мемлекеттік қауіпсіздік органдарында тергеуді бақылау жөніндегі аға көмекшісі. 1989 жылдан - Жамбыл қаласы Орталық аудандық прокурорының орынбасары. 1992 жылдан - Жамбыл қалалық прокурорының орынбасары. 1993 жылдан - Жамбыл облысы Талас ауданының прокуроры. 1995 жылдан - Жамбыл қаласы Орталық ауданының прокуроры. 1996 жылдан - Жамбыл облыстық прокурорының бірінші орынбасары. 1998 жылдан - Алматы қаласы Жетісу ауданының прокуроры. 1999 жылдан - Ақмола облыстық прокурорының бірінші орынбасары. 2000 жылдан Маңғыстау облысының прокуроры. 2004 жылдан - Ақтөбе облысының прокуроры. 2008 жылдан - Атырау облысының прокуроры. 2009 жылдың қараша айынан бері - Павлодар облысының прокуроры.

«Құрмет» орденімен (2008); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2002), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) мерейтой медальдарымен; «Қазақстан Республикасының Прокуратура органдарына 10 жыл» бағалы сыйлығы мен естелік белгісімен (2002) марапатталған; ҚР Бас прокурорымен бірнеше рет көтермеленген. ҚР Прокуратурасының Құрметті қызметкері (1996). 3-ші дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі.

Үйленген. Жұбайы - Сартаева Индира Құдайбергенқызы (1957 жылы туған). 2 баласы бар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:27 тамызда туғандар Санат:1959 жылы туғандар Санат:Жаңақорғанда туғандар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Заң ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан прокурорлары Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Прокуратурасының құрметті қызметкерлері