Ява теңізі – Тынық мұхиттың батысындағы Үлкен Зонд аралдар (Суматра, Калимантан, Ява, Сулавеси), аралық теңіз. Ауданы 552 мың км2, ең терең жері 1272 м. Жағалауы жайдақ. Ауаның орташа температурасы 27С, беткі су температурасы 27 – 29С. Тұздылығы 31,5 – 34,0‰. Толысу толқындары жарты тәуліктік және тәуліктік, 2 м-ге дейін көтеріледі. Маржанды рифтер (Каримунджава, Ракит, т.б.) кездеседі. Ірі аралы: Мадура. Балықтардан майшабақ, тунец және акула, теңіз тасбақасы, т.б. тіршілік етеді. Балық аулау және інжу өндіру дамыған. Порттары: Джакарта, Семаранг (Ява), Банджармасин (Калимантан).

Санат:Ява теңізі Санат:Индонезия теңізі