Постиндустриалдық Қоғам - экономикалык дамыған елдердің "индустриялықтан", "индустриялықтан кейінгі" қоғам типіне өтуімен сипатталатын қазіргі жағдайын білдіретін ұғым. Бұл терминде аталмыш қоғамның кызмет көрсету экономикасын калыптастыру, ғылыми-техникалық мамандардың басымдылығы, жаңа "интеллектуалды" техниканы жасау сияқты негізгі белтілер қалыптастырған. Оны Д.Белл ұсынды. Қоғам бір-бірімен тығыз байланыстағы фақторлардың, техниканың, әлеуметтік құрылымның, саясаттың, рухани кұндылыктардың жүйесі ретінде көрінеді.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

Дереккөздер

Санат:Әлеуметтану Санат:Терминология