Альберт Иванович Кравченко (1932 жылы) - орыс әлеуметтанушысы. Ол XX ғасырдағы шетелдік әлеуметтанудың даму проблемаларын зерттейді. Әсіресе, адамдық іс-әрекеттің мотивациялау, еңбек сипаты мен оны ұйымдастыру, нақты зерттеулер жүргізу мәселелерін терең қарастырады. Оның зерттеп жүрген проблемаларының ішінде басқару әлеуметтануы үлкен орын алады. Бұл проблемаларға байланысты "История менеджмента", "Социология управления", "Экономическая социология", "Социология труда в XX веке: историко-критический очерк" атты еңбектер шығарған.
Қоғамның әлеуметтік құрылымына байланысты "Социология", "Социальная структура и стратификация" деген еңбектер шығарған. Классикалық университетке арналған оқулықтардың авторы.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
Дереккөздер