Эфиальт (т.-ө. ж. б.) – Ежелгі Афинадағы мемлекет қайраткері. Б.з.б. 5 ғ-да өмір сүрген. Эфиальт Спартадан қол үзуді, Афинаның дербес сыртқы саясат жүргізуін жақтады, ішкі саясатта мемл. құрылысты одан әрі демократияландыру және ақсүйектердің тірегі – ареопагтың саяси маңызын жоюды қолдады. Осы мақсатта б.з.б. 462 ж. ареопаг функцияларын тежеу жөнінде реформа жүргізді. Билікті демократияландыруға тырысқаны үшін ақсүйектердің қолынан қаза тапты. Әдеб.: Бузескул В.П., Афинская демократия, Харьков, 1920.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Эфиальт · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.