Құндық категория ретіндегі қаржының ұғымы, қажеттігі және мәні

Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің «fіnаnсіа» сөзінен пайда болған француздың «finance» сөзінен шыққан) - тауар-ақшалай қатынастармен және мемлекеттің өмір сүруімен байланысты тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақшалай айырбасқа көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің қаржылық ресурстарға қажеттіліктерімен тығыз байланысты болды.

«Қаржы» ұғымы ақшалай нысандағы қоғамдық өнімнің ұдайы өндірісімен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу үдерісінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып табылады.

Қаржы ақша негізінде, ақша көмегімен іс-әрекет ететіндіктен ақша, ақшалай қаражаттар, ақшалай операциялар ретінде кең мағынада «қаржы» ұғымын қабылдау күнделікті тұрмыстық практикада, публицистикада кең таралды. Бірақ ақша - тарихи категория, ол өзінің дамуында әр түрлі трансформацияларға - қарапайым нысандардан күрделі, кәміл, қазіргі түрленімдерге ұшырады. Осы дамуда ақша жаңа сапалы нысандарға ие болды, бұл нысандарға қаржы да жатады.

Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақшалай қатынастарды қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Құндық категориялардың жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен айшықталады. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және оның құндық экономикалық категорияға қатыстылығын баса көрсетеді.

Қаржы экономикалық категория ретінде экономикалық заңдардың (құн запының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарылау заңының, өндірістік қатынастардың өндіргіштік күштердің сипаты мен даму деңгейіне сәйкестік заңының, уақытты үнемдеу заңының) іс-әрекетіне негізделеді.

Қаржыны экономикалық категориялардың қатарынан бөліп алу үшін царжы құбылысын қараудан оның мәнін - оның болмысының барлық сан алуан нысандарының бірлігінде көрінетін предметінің ішкі мазмұнын зерттеуге көшу қажет. Бұл ретте зерттеу предметінің бейнесі оның сыртқы және ішкі қасиеттерінің өзара байланысында елестетілуі мүмкін.

Қоғамда адамдардың, олардың топтарының (ұжымдарының) қызметі қатынастарда, яғни белгілі бір мүдделердің негізіндегі өзара байланыстарда, тиісті қажеттіліктерді бейнелеп көрсететін осындай мүдделерді қанағаттандыруда қалыптасады.

Қаржылық қатынастар қаржылық мүдделер жайында, негізінде - ақшалай тұлғаланымда, ақшалай өлшенімде ортақтастырылған қатынастар субъектілерінің материалдық мүдделері жайында пайда болады. Кез келген экономикалық субъект басқау субъектке талаптар қоюы сияқты оның оған міндеттемелері де болуы мүмкін.

Қоғамдық қатынастар тауарларды, игіліктерді және қызметтерді қоғамдық өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үдерісінде қалыптасады, бұл тауарлар, игіліктер және қызметтер осы үздіксіз жалғасып жататын төрт стадияның (фазаның) өзара байланысы және өзара тәуелді үйлесімі ретіндегі ұдайы өндірісті сипаттайды. Ұдайы өндіріс стадиялары қоғамдық өндіріс үдерісінің қатысушылары арасында тауарлық қатынастардың болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алуға-сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді. Бұл ретте материалдық өндіріс қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс.

Сөйтіп, жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсатты арналымдар мен субъектілер бойынша бөлініп, олардың әрқайсысы өндірілген өнімдегі өзінің үлесін алуы тиіс.

Өз кезегінде тауарлық қатынастардың болуы экономикалық агенттердің еңбегін бөлу қажеттігінен барып шығады, бұл олар мамандандырылған еңбектің, орындалатын қызметтердің нэтижелерімен, әр түрлі ендірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы тиіс.

Жасалынған игіліктер мен кұндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен жалпыга ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан материалдық және материалдық емес игіліктердің, қызметтердің өндірілген массасының - қоғамдық өнімнің - натуралдық-заттай тұлғаланымен бірге оның ақшалай тұлғаланымы да болады. Қозғалыстың құндық нысаны натуралдық-заттай нысандағы өнімнің қозғалысын ортақтастыратын белгілі бір ақшалай қорларды тудырады. Басқаша айтқанда, өнімнің өндірістен тұтынуға өтуі тек тиісті ақшалай қорларды жасау, бөлу және пайдалану арқылы болады. Осы кезде пайда болатын ақшалай, экономикалық қатынастар қаржының ұғымын құрады. Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі нысанының болуы қоғамдық өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оны түпкілікті тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық категориялар - ақша, баға, қаржы, еңбекақы, кредит және басқалары пайдаланылады.

Ұдайы өндірістік үдерістің түрлі стадияларында жекелеген экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.

Қаржылық қатынастардың пайда болуын олардың жұмыс істеу сферасына қарай - экономиканың бастапқы буындарында яғни материалдық өндіріс сферасында - нақты секторда, немесе қоғамдық, соның ішінде экономикалық өмірді де реттейтін ұйым ретіндегі мемлекеттің қаржысы сферасында қадағалап отыруға болады.

Қаржының мәнін түсіну үшін бірінші жағдайда ұдайы өндірістік үдерісте (кейбір шаруашылық жүргізуші субъектінің - өндірушінің өндірістік қорларының жалпы немесе жеке толық айналымында) есептеу нүктесі үшін қүн бөлінісінің мезетін және дайындалған өнімді өткізу кезіндегі оның ақшалай нысанда біршама өздігінше қозғалысының бастауын алуға болады.

Өндірістің алдын ала шарттасылған сипаты кезінде «С», «V» және «m»- ге сәйкес элементтерге бөлінетін сатылатын өнім құрылымының үйлесімдері (пропорциялары) қалыптасады және оларға сәйкес ақшалай қаражаттардың қорлары немесе бұл қаражаттардың қорланымдары жасалынады.

Үлкейтілген түрде экономикадағы құн қозғалысын ұдайы өндіріс үдерісіндегі құнның басты компоненттерін сипаттайтын оның осы негізгі элементтері бойынша қадағалап отыруға болады:

P=C+V+m

мұндағы: P - жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім; С - өндірістің материалдық шығындары; V - қажетті өнімнің құны; m - қосымша өнімнің құны.

Бұл ретте айналым қаражаттарының қорлары, амортизациялық және басқа аударымдар (мысалы, әлеуметтік қажеттерге аударылатын аударымдар), еңбекке ақы төлеу қоры, пайда бөлінеді.

Бұдан ары бөлудің анықталатын нормативтерімен белгіленген үйлесімдерге сәйкес құнның аталған элементтерін цайта бөлу үдерісі болады. Алынған табыс- тың немесе пайданың бір бөлігі мемлекеттің карамағына оның орталықтандырыл- ған корларын калыптастыру үшін аударылады, баска бөлігі өндірушіде калады жэне оның қалауы бойынша пайдаланылады.

Егер «С» элементіне сай келетін құнның бір бөлігі өндірістік үдерістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін өнімді өткізгеннен кейін еңбек предметтерін - айналым қорларын (айналым капиталын) сатып алуға авансыланса, онда «ш» элементінен, одан басқа, қорланымға, яғни еңбек кұралдарын - сонымен бірге бұл үздіксіздікті қамтамасыз ететін өндірістің аса маңызды факторы - негізгі қорларды (негізгі капиталды) сатып алуға бағытталатын бөлігі бөлінуі мүмкін.

Қалыптастырылған ақшалай қорлар қайта бөлуге, ұсақтауға немесе, керісінше, қаражаттардың максатты арналымына қарай ірілендіруге, оларды атаулы бағыттауга немесе өндірістік және өндірістік емес қорлардың (капиталдың) толық айналымы үдерісінде пайдалануға ұшырайды. Сейтіп, шаруашылық жүргізуші субъекті жасаған кұнның бір бөлігі осы субъектінің толық айналымында қалады, бір бөлігі еңбекке ақы телеу, әлеуметтік шығыстар нысанында жұмыс күшін ұдайы толыктыруға жұмсалады, материалдық және материалдық емес игіліктер мен қызметтерге айырбасталады, тұтынылады және одан ары козғалыстан шығып қалады.

Материалдық өндірісте жасалған құнның едәуір бөлігі жалпы мемлекеттік қажеттерге беріледі және ақшалай нысанда өздігінше қозғалыс алып, мемлекеттің кірістері ретінде мемлекеттің қаржылық қатынастарының сферасына кіріктіріледі. Экономиканың бастапқы буындарының табыстарынан аударылатын аударымдарынан басқа мемлекет халықтың қаражаттарының бір бөлігін салықтар, ерікті төлемдер - қарыздар, лотереялар, мемлекеттің қатысуымен банктерде сақталынған жинақ ақшалар нысанында жұмылдырады. Қаражаттардың бір бөлігі мемлекеттік, жекеше, қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдардан және халықтан әр түрлі төлемдер, аударымдар, алымдар түрінде қор және қор емес нысанында түседі. Орталықтандырылған ақшалай қорларды - мемлекеттік бюджетті, әлеуметтік сақтандыру қорларын, түрлі бюджеттен тыс қорларды қалыптастыру арқылы мемлекет деңгейінде қаржылық қатынастардың нысандары осылай пайда болады. Қаржылық қатынастардың бұл бөлігі сан алуан және аталған қорларды мемлекеттік басқарудың түрлі деңгейлерінде - жалпыұлттық, жергілікті деңгейлерде жасаумен, сондай-ақ аталған деңгейлерде сонымен бірге салалық, ведомстволық, өңірлік, әлеуметтік қағидаттар бойынша қайта бөлумен және пайдаланумен байланысты. Бұдан басқа, ақшаның және қорлардың қозғалысы мемлекеттік ұзақ мерзімді мақсатты бағдарламаларды - өндіргіш күштерді дамыту, әлеуметтік, экологиялық, ғылыми, өңірлік және басқаларын орындаумен шарттасылған.

Ең ақырында, ұдайы өндірістік үдерістің барлық стадияларынан өте отырып, қоғамдық өнім жаңғырады және үш өзіндік қорда: орнын толтыру қорында, тұтыну қорында және қорлану қорында іске асады.

Нәтижесінде өнімнін бір бөлігі жаңа толық айналымға түседі, ал бір бөлігі тұтынылады және одан арғы қозғалыстан шығып қалады. Қаралған үдерістер қаржылық қатынастардың, олардың басқа экономикалық қатынастармен өзара іс-әрекетінің күрделі тоқайласуына себепші болады және экономиканың тиімділігіне, оның үдемелі дамуына, қоғамдағы әлеуметтік үдерістерге олардың іс-әрекетін зерделеуге ғылыми тәсілдемені қажет етеді.

Қаржы мемлекеттің, заңи және жеке тұлғалардың арасында, жекелеген мемлекеттер арасында ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалану жайында пайда болатын ақшалай қатынастардың жүйесі болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, ерекше қорлар арқылы іске асырылатын ақшалай қатынастар - бұл қаржылық қатынастар. Алайда кез келген ақшалай қатынастар қаржылық қатынастарды білдіре бермейді және ақша әр түрлі экономикалық категориялардың - бағаның, еңбекақының, қаржының, кредиттің, сақтандырудың көмегімен жүзеге асырылатын қоғамдық өнімнің бүкіл құнының қозғалысын ортақтастыратындықтан кез келген ақшалай операция, мәміле қаржылық операцияға жата бермейді. Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша - бұл ең алдымен ассоциацияланылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы - ішкі жалпы өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық құралы, ақшалай қорларды жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады. Мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің ақшалай қорларын құратын тек ақшалай қатынастар ғана қаржының мазмұны болып табылады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында құнды одан ары бөлу және оны мақсатты пайдалануды нақтыландыру да қаржының негізінде жүзеге асырылады.

Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан - тауар-ақшалай қатынастардың болуынан және қоғамдың дамудың қажеттіліктерінен туындайдын.

Тарихи алғашқыда өзіне маңызды қоғамдық функцияларды алған мемлекеттің пайда болуымен байланыстырылған қаржылық қатынастардың бір бөлігі айқындалды. Мемлекеттік билікті ұстау үшін арнаулы ақшалай қор қажет, ол қоғамның барлық мүшелерінің есебінен қалыптасады.