thumb|right|200px|Пётр Кириллович Эссен Петр Кириллович Эссен (1772 – 1844) – патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау әкімшілігінің өкілі, инфантерия генералы (1819), граф (1833). Наполеонға қарсы әскери компанияға қатысқан (1814 – 15). 1817 – 29 ж. Орынбор өлкесінің генерал-губернаторы, жеке Орынбор корпусының командирі, шекара комиссиясының бастығы болды.
1822 ж. Кіші жүзді жаңаша басқару мақсатындағы заң жобасын дайындады. Оның жобасы Сыртқы істер министрлігінің жанындағы Азия департаментінде қаралып, 1824 ж. бекітілді (қ. “Орынбор қырғыздары туралы жарғы”). Осы жылдан бастап Кіші жүзде хандық билікті жою туралы шешім қабылданды. Хандық билік Бөкей ордасында ғана 1845 жылға дейін сақталып, Кіші жүз қазақтарын басқаруда Ресейдің отарлық әкімшілігінің жаңа жүйесі енгізілді. Эссен Ресейдің Орталық Азия хандықтарымен сауда және саяси байланыстарының нығайуына ат салысты. Оның ұсынысы бойынша, Бұхара мен Хиуаға бірнеше сауда және дипломат. миссиялар жіберіліп, Орт. Азия мен Қазақстанның тарихы, этнографиясы, экономикасы және географиясы зерттелді. Эссен 1829 – 42 ж. мемл. кеңестің мүшесі, Санкт-Петербургтың әскери генерал-губернаторы болды. 1842 ж. отставкаға шықты.
Санат:11 тамызда туғандар Санат:1772 жылы туғандар Санат:1844 жылы қайтыс болғандар Санат:Санкт-Петербургте қайтыс болғандар Санат:Алмасты Әулие апостол Андрей Первозванный орденінің иегерлері Санат:III дәрежелі Әулие Георгий орденінің иегерлері Санат:1 дәрежелі Әулие Владимир орденінің иегерлері Санат:Алмасты Әулие Александр Невский орденінің иегерлері Санат:Ақ қыран орденінің (Ресей империясы) иегерлері Санат:Қылышты I дәрежелі Әулие Анна орденінің иегерлері Санат:Қылышты IV дәрежелі Әулие Анна орденінің иегерлері Санат:Бриллиантты "Батылдығы үшін" қаруының иегерлері Санат:Қара қыран орденінң иегерлері Санат:1 дәрежелі Қызыл қыран орденінің иегерлері Санат:Санкт-Петербург басшылары Санат:Эссендер Санат:Наполенондық және Революциялық соғыстардағы Ресей командирлері Санат:Ресей империясы Мемлекеттік кеңесі мүшелері Санат:Орыс-түрік соғысының (1806—1812) қатысушылары Санат:Орынбор губернаторлары Санат:Санкт-Петербург генерал-губернаторлары Санат:Әскери галерея Санат:Ресей империясы инфантерия генералдары Санат:Ерекше мәртебелі Тақсыр жанындағы генералдар Санат:Ресей графтары