Шөгінді тау жынысытарды макроскоптық (далалық) зерттеу әдістері. Шөгінді тау жынысытарды дала жұмыстары барысында көзбе-көз қадағалау және қолда бар қарапайым мүмкіндіктер көмегімен зерттеу шаралары. Мұндай шаралар төмендегі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді: шөгінді тау жынысытардың литологиялық типін және заттық құрамын, олардың түсін, омырылым және дербестелу сипатын, керішінің құрамы мен мөлшерін, тау жынысы құрылымын анықтау; тау жынысыты кұрайтын түйірлер мен кесектердің мөлшерлікжөне пәшіндік ерекшеліктерін, тау жынысытың бітімін (қат-қабатталу типін), бітімдік жаралымдарын (кебірсу жарықтарын, жорғалау іздерін, т.с.с.), қат-қабатталудағы ырғақтылықты, түзілімденудегі үзілістерді, қабаттардың жапсарлық сипаттарын, тау жынысытардың физикалық ерекшеліктерін (кеуектілік, жарықшақтылық, тығыздық, саздардың аққыштығы, т.с.с.) анықтау, олардағы әр түрлі кірікпелер мен тасберіштерді зерттеу.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0
Дереккөздер
Санат:Геология Санат:Мұнай және газ