Марғұлан Сібірұлы Кәрібеков (1964 жылы туған), кен инженері. Қарағанды политехника институтын (1986), РФ Президенті жанындағы Ресей мемл. қызметі академиясын бітірген (2005). Еңбек жолын «Қарағандыкөмір» ӨБ Күзембаев атындағы шахтада кен шебері болып бастады. Қарағандыда «Суканал» ААҚ, «Алаутрансгаз» АҚ ҚГШБ ЖШС, «Жібек жолы тобы» ЖАҚ басқарған. 2003 жылы Балқаш қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 2006 жылдан Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданының әкімі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Тарих