Лазарь Михайлович Катков (1927 жылы туған), партия, кеңес қызметкері. Қазақ политехникалық институтын бітірген. 1957 - 1972 жылдары Балқаш, Теміртау қалалық партия комитетінің 1-хатшысы, Жамбыл облыстық партия комитетінің 2-хатшысы, ҚазКСР түсті металлургия министрінің орынбасары, Моңғолия Халық Республикасының Эрденет кең-байыту фабрикасының құрылысындағы КСРО өкілі қызметін атқарады. 1982 жылдан зейнеткерлікке шыққанша ҚазКСР жергілікті өнеркәсіп министрінің орынбасары болды.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Тарих