Сапалы әдістер - берілген есептің шешімдерін анықтамай олардың қасиеттері туралы дерек беретін әдістер. Мысалы, сапалы әдістерге мыналар жатуы мүмкін: 1) дифференциалды теңдеу шешімдерінің орнықтылығын, тербелісін және қандай типті ерекше нүктелердің кездесетінін анықтау; 2) f(x)=0 теңдеуі түбірлерінің орналасу заңдылығын, нақты немесе нақты сан болмайтындығын, қай жарты жазықтықта жататындығын анықтау.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Математика / 0-71 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл. - 192 б. ISBN 9965-08-339-8

Дереккөздер

Санат:Математика