Экономикалық жауапкершілік – субъектінің өзіне қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап беруге‚ шарттарды орындауға‚ заңдарды сақтауға‚ бөгде меншікке келтірілген зиянның орнын толтыруға‚ т.б. міндеттілігі.

Мынадай түрлерге бөлінеді: ынтымақты жауапкершілік – борыштар бойынша міндеттемелерді бірдей дәрежеде мойнына алған екі және одан көп адамдардың бірлескен жауапкершілігі; көмекшілік жауапкершілік – несиегердің алдындағы борыштың қалдықтық сомасы мөлшеріндегі ынтымақты жауапкершілік жүктелген адамдардың қосымша жауапкершілігі.

Айталық‚ бір қойманы меңгеретін есеп беруші екі адамға шарт бойынша ынтымақты жауапкершілік жүктеледі немесе еншілес фирма басты фирманың кінәсынан банкрот болған (дәрменсіз болған) жағдайда банкрот мүлкін сатқаннан кейін қалған борыштар бойынша басты фирмаға көмекшілік жауапкершілік жүктеледі.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2

Дереккөздер

Санат:Экономикалық терминдер