Коши Огюстен Луи (; 21 тамыз 1789, Париж — 23 мамыр 1857, Со, Франция) - атақты француз ғалымы, инженер, XIX ғасыр ұлы математигі. Математикалық талдаудың негізін салушы.Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2 Еңбектері

thumb|Leçons sur le calcul différentiel, 1829

Коши 800 аса еңбек жазған, толық шығармалары 27 томды құрайды. Оның еңбектері математиканың әр түрлі (негізінен математикалық талдауға) және математикалық физикаға қатысты.

О. Л. Коши алғашқы болып математикалық талдаудың негізгі ұғымдары — шекке, үзіліссіздікке, туынды, дифференциалға, интеграл, қатарлардың жинақтылықтарына және т. т. нақты анықтама берді. Оның үзіліссіздік анықтамасы өзі ерекше мән берген шексіз кішкене ұғымына арқа сүйеген: Коши бойынша шексіз кішкене — нөлге ұмтылатын айнымалы шама. Өатардың жинақталу радиусы ұғымын енгізді.

Дереккөздер

Санат:Франция математиктері Санат:Франция механиктері Санат:1789 жылы туғандар Санат:1857 жылы қайтыс болғандар Санат:Француз ғылым академиясының мүшелері Санат:XIX ғасыр математиктері