Асылы Әлиқызы Oсманова (13.8.1941 жылы туған, Грузия, Ахапқапақ ауданы, Хавет ауылы) — тіл білімі маманы, филология ғылыми кандидаты (1973). Түркістан педучилищесін бітірген (1961); 1961— 1963 жылдары "Жаңа талап" мектебінде бастауыш мектептің мұғалімі. 1963—1967 жылдары Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының филология факультетінде; 1969-1973 жылдары ҚР ҰҒА Тіл білімі институтының аспирантурасында оқиды. Профессор А. Ысқақовтың жетекшілігімен М. О. Әуезовтың "Абай жолы" романы бойынша "Қазақ тіліндегі синонимдес етістіктердің семантика-стилистикапық қызметі" деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады; 1973—1996 жылдары ҚР ҰҒА А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында ғылыми қызметкер; 1995 жылдың қазан айынан ҚР Министрлер кабинеті жанындағы Тіл к-тінің Ұлт тілдерін дамыту басқармасының бастығы қызметін атқарады; 1996 жылдың шілде айынан Ұлт саясаты женіндегі мемлекеттік к-ттің мемлекеттік тілді дамыту, терминология және ономастика жұмысы жөніндегі Бас басқарма бастығы болып қызмет істеді.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3

Дереккөздер

Санат:Тілтанушылар