Гүлбану Сейілбекқызы Қосымова (7. 11. 1954 жылы туған, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Көпмола ауылы) — тіл білімі маманы, филология ғылымдарының докторы (2005), профессор.

Қазақтың Абай атындағы педагогика институтын бітірген (1977). 1991 жылы "Қазақ эпосындағы фразеологизмдер" тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. 1996 жылы ҚР БжҒМ ЖАК доцентi атағын иемденді. 2003 жылы "Қазақ шешендік өнерінің негіздері және тілдік танымы" тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, 2007 жылы ҚР БжҒМ ЖАК профессоры атағын иемденді. Қазір Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Жалпы тіл білімі кафедрасында профессор.

Қазақ тілі тарихы, шумерология және түркітаным, тарихи лексикология, грамматика, шешендік өнер, мәтін және дискурс, академиялық шешендік, педагогикалық риторика және методика бағыттарында еңбек етіп жүр.

Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (2011).

"ҚР Білім беру ісінің үздігі" (1995), "ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері" (2003), "Жоғары оқу орнының үздігі" (2006), "Ғылым және Білім беру ісіне айрықша еңбек сіңіргені үшін" төсбелгісінің (2016) және Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған ұсынған "Түркі тілін дамытуға үлес қосқан ғалым" марапатының (2017) иегері.

Отандық және шетелдік басылымдарда 200-ден астам ғылыми мақалалары және 30 шақты кітаптары жарық көрді.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3Қазақстан ғалымдары энциклопедиясы. Алматы: "Ғылым баспасы", 2015 жыл

=Марапаттары = Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері ҚР «ЖОО-ның Үздік оқытушысы (2007)» грантының иегері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Үздік оқытушысы» (2013) «Ғылым мен білімге сіңірген айрықша еңбегі үшін» төс белгісінің иесі (2016) «Ы.Алтынсарин атындағы медальдің» 2017 иесі 2017 жылы Түркі ұлыстарының YIII Құрылтайында Туркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоганның «Түркі ұлыстарының тілін дамытуға сіңірген еңбегі үшін» халықаралық марапат иесі. https://www.kaznpu.kz/kz/3820/personal/

Дереккөздер

Санат:7 қарашада туғандар Санат:1954 жылы туғандар Санат:Шалқар ауданында туғандар Санат:Қазақ тілін зерттеушілер Санат:Қазақстан филологтары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері Санат:Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің Жоғарғы аттестациялық комиссиясының профессорлары Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессорлары Санат:Ресей ғылым академиясының корреспондент мүшелері Санат:Қазақстан білім беру ісінің үздіктері Санат:Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкерлері Санат:Қазақстан Республикасы Жоғарғы оқу орындарының үздіктері Санат:Түркі тілін дамытуға үлес қосқан ғалым марапатының иегерлері