Рамазан мерген, Елеусізов (1893, Сарысу ауданы - 1978, Жаңаарқа ауданы) - белгілі аңшы.
Өмірбаяны Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде оқыған. Елді кеңестендіру кезінде Қарақыз болысынын хатшысы болады. Рамазан мерген 1932 ж. Арқадан Әулиеатаға көшкен Сарысу ауданының 40 шаңырағын аң аулап, киіктін етімен аман алып шығады. 1942 ж. Қарағандының арнайы әскери сауда бөлімінің киік етін дайындаумен шұғылданады. Соғыс біткен соң Ералиев ауылында еңбек етті. Аң аулап, ұсталықпен шұғылданды.
Рамазан мерген туралы шығармалар А.В.Мухлянын «Бетпақдала шөлі» кітабы; К.Н.Пинчуковтың «Шөл сүрлеуімен» кітабы; М.Зверевтің «Із кескен мерген» атты кітабы; «Соры арылмаған дала» киносценарийі (1965). Журналист С.Бексейітов «Рамазан мерген және оның әулеті» деген деректі кітап шығарды (2006).Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:1893 жылы туғандар Санат:Сарысу ауданында туғандар Санат:1978 жылы қайтыс болғандар Санат:Жаңаарқа ауданында қайтыс болғандар Санат:Жаңаарқа ауданында жерленгендер Санат:Қазақстан аңшылары