Пыстан – Сарыарқаның оңтүстігіндегі тау.

Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы жерінде, Жамбыл кенішінен оңтүстік-батысқа карай 60 км жерде, ені 4 км. Абсолюттiк биіктігі 642 м.

Геологиялық құрылымы Ордовик жүйесінің жоғарғы бөлім жыныстарынан түзілген.

Жер бедері Бірнеше ұсақ шоқыдан тұрады. Солтүстік-батысында қорымтастың мол үйінділері бар. Оңтүстік шығыс етегінен 5 км жерде тұщы сулы Ұзынтас құдығы орналасқан, оның терендігі 2 м,суының өнімділігі 700 л/сағ.

Өсімдігі Шала дамыған, қиыршық тасты қоңыр топырақ жамылғысында жусан, көкпек, бұйырғын,бұталар (батыс беткейінде тұтасқан бұта ескіңдері) өседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Жаңаарқа ауданы таулары