Әдима Ділханқызы Сисекенова (11 сәуір 1939, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Соройченко кенті — 20 қыркүйек 2025) — әнеші, биші, Қарақалпақ АКСР халық әртісі (1965)

Өмірбаяны Нүкіс музыкалық училищесінде оқыған. 1961 жылдан - «Қарақалпақ» ән-би ансамблінің әншісі және бишісі (Нүкіс, Қарақалпақстан). 1971 жылдан бері - Махамбет атындағы Гурьев облыстық қазақ драма театрының (қазір - Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театры) актрисасы.

Рольдері «Айман - Шолпан» (Айман), «Қамбар батыр» (Назым), «Келіндер көтерілісі» (Фәрман), «Жесірлер» (Ана) және т.б. спектакльдерде ойнаған.

Қоғамдық қызметі Қалалық халық депутаттары кеңесінің 6-шы шақырылымының депутаты (1965).

Марапаттары ҚҚ АКСР Еңбек сіңірген әртісі (1965).

ҚҚАКСР Халық әртісі.

Отбасы

Тұрмыс құрған. Жұбайы - Оразымбетов Әділ Орынбайұлы, шофер.

Қызы - Оразымбетова Анаргүл.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:11 сәуірде туғандар Санат:1939 жылы туғандар Санат:Махамбет ауданында туғандар Санат:Қазақстан әншілері Санат:Қазақстан бишілері Санат:Қарақалпақстан халық әртістері