Салақ, бөлек-салақ. Қос сөз қүрамындағы бүл «салақтың» мағынасы тілімізде «ұқыпсыз» сезінің синонимі ретінде қолданылатын «салақтан» тіпті өзгеше. Оның «белек» сөзімен қосарлана айтылуының өзінде де мән бар. Дәлірек айтсақ, осы сөзбен мағыналас болуы мүмкін. Ойымыздың орынсыз емес екендігін моңғол тілдеріндегі деректер қостай түседі. моңғолша «салах», қалмақ тілінде «салх» түлғалы сөздер біздің тіліміздегі «бөліну», «ажырау» сияқты үғьімдар орнына жұмсалады. Бұл деректер тіліміздегі қос сөздің екінші сыңары — «салақ» төркіні моңғол тобындағы тілдерден екендігін ашса, мағынасы—«бөлек» сөзімен сәйкестігін аңғартады. Деректің осы түрін еске алсақ, «бөлек-салақ» деген қос сезіміздің мағынасы —«''бөлек-бөлек»-пен бірдей.Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6
Дереккөздер